"Екінші әйел алу қоғамда мода болып кеткен сияқты": Құралай ханым күйеуінің опасыздық жасағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.63
  • 592.34
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екінші әйел алу қоғамда мода болып кеткен сияқты": Құралай ханым күйеуінің опасыздық жасағанын айтты

"Екінші әйел алу қоғамда мода болып кеткен сияқты": Құралай ханым күйеуінің опасыздық жасағанын айтты

Танымал коуч Құралай ханым психологияға қалай келгенін айтты.

  • 20 Қаңтар
  • 89
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында күйеуі көзіне шөп салғаннан кейін психологияға бет бұрғанын мәлімдеген.

«1999 жылы таксиде «Подсознание может все» деген кітап таксиде қалып кетіпті. Жүргізуші «сіз ала беріңіз» деді. Ең бірінші шетелдік «жетістік құпиясы» ұғымы, коучинг туралы іздене бастадым. Жұмыс істеп жүрген жерімдегі бір апай да психологиялық кітаптарды көп оқитын, және соларды маған беретін. Күйеуге шыққан кезде қазақ қыздары қайын жүртқа шығады ғой. Үлкен отбасыға барған кезде қарым-қатынастан түрлі стресс, ажырасудың алдында болдық. Сол кезде мен психологияны іздеп кеттім. Ажырасуға көзге шөп салу түрткі болды. 2002-ші жылдары ол қалыпты жағдай болып саналатын. Көп отбасыда болып жатты. Екінші әйел алу қоғамда мода болып кеткен сияқты болды. «Қазақ байыса, қатын алады» дейді ғой. Сондай отбасылық дағдарыстар кезінде психологқа барып, терапия өтіп, терең өзіммен айналысуыма түрткі болды. Отбасымды сақтап қалдым, кешірдім. Табиғатым өзі сондай, кешірімшіл адаммын. Қазір кешіргеніме өкініш жоқ. Сол жағдай бүгінгі Құралай ханым болуыма әкелді», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол қазақ әйелдерін «күйеулерінің фанатиктары» деп атады.

«Маған кейбір әйелдер «15 жыл болды күйеуіммен таласып жүрмін» дейді. Сол жылда сен Абайды оқып шықсаң, Омар Жәлелді жолда қалдыратын абайтанушы болар едің. Күйеу танығаннан неге келдің? Түкке келген жоқсың. Менің философиям сол, өзіңді жаса, өзіңді қамшыла. Оқы, Абайды таны, ізден. Фэншуй, сюцай, нумерология бәрін оқы. Бірақ, табынып, кіріп кетпе. Қазақтың әйелдері күйеулерінің фанатиктары. Кімге табынасың, сонымен сынайды. Содан соң арақ, басқа да заттар келеді. Назарды бұру керек. Күйеуіңмен, енеңмен алысып, бір-біріңді психбольницаға жеткізгенше, ананы оқы, мынаны оқы. Солай құдайға, Аллаға да жетесің», — дейді ол.