Елбасының өмірі жайлы сахналық қойылым болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының өмірі жайлы сахналық қойылым болады

Елбасының өмірі жайлы сахналық қойылым болады

Астана күні қарсаңында өнер сүйер қауымға Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы қойылым ұсынылады.

  • 6 Маусым 2011
  • 1283
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтында хабарланды.

Н.Назарбаевтың өмірбаяны жайында сыр шертетін «Терең тамырлар» қойылымына дайындық осы күндері Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында жүріп жатыр. «Терең тамырлар» -біздің өткеніміз бен бүгінгіміздің байланысы. Қойылым Президентіміздің өмірі мен қайраткерлігі, оның бүгінге дейінгі қызметтік өсу жолдары туралы сыр шертеді», — дейді қойылым режиссері Нұрлан Жұманиязов.

Ал актер Шах-Мұрат Ордабаев: «Бұл қойылым біздің тәуелсіз еліміздің Президентінің өмірі туралы. Онда Президенттің ел дамуына оң әсер ететін шұғыл шешімдерді қалай қабылдайтыны, соның нәтижесінде біздің 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріміз туралы айтылады. Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан ел. Шет ел бізді біледі және сыйлайды, аса дамыған елдер бізбен әріптес және біздің дамуымыз мұнымен тоқтап қалмайды. Тәуелсіздік дегеніміз жай ғана сөз емес, ол біздің Қазақстанымыз, біздің халқымыз, біздің тарихымыз. Біз оны мақтан етеміз», — деп қойылым сюжеті туралы өз ойымен бөлісті.

Елордалықтар мен қала қонақтары қойылымды 2 шілде күні сағат 17:00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында көре алады.

Соңғы жаңалықтар