"Елге арықта деп, өзі былшиып жүреді": Дина Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елге арықта деп, өзі былшиып жүреді": Дина Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті

"Елге арықта деп, өзі былшиып жүреді": Дина Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті.

  • 3 Мамыр
  • 233
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы көпшілің оның қатты толып кеткенін, десе де елге арықтау марафонын өткізетінін сөз еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұған оның желідегі жаңа образы себеп болған.

«Жақында салонымның ашылғанына бір жыл болады екен. Уақыт неткен жылдам. Бизнес жолында мен үшін өте көп тәжірибе алып келген, көп жерлерде тәуекел етуді үйреткен жұмысым. Көбісі сұрайды арасында “салоныңызды жауып тастадыңыз ба?”-деп. Көп салып жарнаманы жиі жасамаймын дегенмен аз уақыттың ішінде көптің жүрегінен орын алып, Қызылорда сұлуларының сүйікті салоны атанды. Алланың арқасында, Бір Алланың қалауымен жолдасым екеуміз ниетіміз бен мақсатымызға жеттік. Бұл салон туралы айтарым өте көп. Уақыт арнап асықпай бөлісермін.Әдемі жерде жұмыс жасайтын әр әдемі қыздарымды Алладан тілеп сұрағанмын. Адамды әрлеу үлкен өнер. Қыздарымның бәрінің қолдары алтын. Тек көз тимесін. Жұмысымыз берекелі, мол ризықты болсын», — деп жазды ол.

Көпшілік Динаның образын мақтаған. Десе де олардың арасында сынаушылар да болды.

«Дина қатты толып кеткенсіз, бұрынғы сымбатыңыз жақсы еді», «Толыпсыз», «Толған жараспайтын сияқты», «Елге арықтау марафонын өткізіп, өзі былшиып, томпиып жүресіз» де жазды олар.