Елімізде ауқымды мәдени бағдарлама әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ауқымды мәдени бағдарлама әзірленуде

Елімізде ауқымды мәдени бағдарлама әзірленуде

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін ауқымды мәдени бағдарлама әзірлеп жатырмыз, деп Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

«2011 жыл еліміз үшін ерекше жыл — Тәуелсіздігімізге 20 жыл толады. Мемлекет басшысының жарлығымен мерейтойды атап өту жоспары мен мерейтойлық медаль бекітілді. Біз мерейтойды өткізетін мемлекеттік комиссияның жұмысшы органы қызметін атқарамыз», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».

Министрдің айтуынша, мерейтойға қатысты мерекелік шаралар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне бағышталады. Сондықтан министрлік еліміз бен шетелдерде өткізілетін мәдени шаралардың жылдық кестесін әзірледі.
Жалпы, жыл бойы Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштеріне арналған 10 көркем фильм мен 20 документальды фильм, 20 сериялы «Қазақ елі» анимациялық фильмі, сондай-ақ мемлекет басшысының қызметі туралы түсірілген 20 документальды фильм көрсетіледі.
Сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтарында «Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақстан» атты фотоэкспозиция көрсетіледі. Өлкелерді аралайтын «Менің Қазақстаным» пойызына мінген өнер ұжымдары жер-жерде концерттер қояды.

Соңғы жаңалықтар