Елімізде «экшн» жанрындағы «Елестерді аулау» атты фильмнің түсірілімі жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде «экшн» жанрындағы «Елестерді аулау» атты фильмнің түсірілімі жүріп жатыр

Елімізде «экшн» жанрындағы «Елестерді аулау» атты фильмнің түсірілімі жүріп жатыр

Қазақстанда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында алғаш «экшн» жанрындағы «Елестерді аулау» атты ірі көлемді фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Бұл жайында бүгін жобаның қатысушылары Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтты.

  • 22 Шiлде 2011
  • 649
Фото - Caravan.kz

Аталған фильм «MG Production» кинокомпаниясының атсалысуымен бірге түсіріліп жатыр. Фильмнің продюсері Ернар Мәліков, сценарий авторы және режиссері Марина Кунарова, қоюшы-оператор жүздеген голливудтық жобаға қатысқан Куртис Петерсон. Басты рөлдерде Санжар Мадиев, Әсел Сағатова, Никита Пресняков, Кәмила Ермекова, Кристиан Локен, Арманд Ассанте.

Е.Мәліков бұл «Өзге жағы» (Обратная сторона) фильмінің жалғасы емес екендігін және басқа жанр мен пішінде түсіріліп жатқандығын айтып өтті.

«Қазақфильм» АҚ-ның басқарма директоры Ілияс Ахметтің айтуынша, бұл жоба бастапқы кезде үлкен қызығушылық тудырып, кастинг барысында актерлердің ауқымды бөлігі қаралған. «Алдымызда қазақстандық және шетелдік актерлердің арасында шығармашылық әрі кәсіби байланыс орнату сынды басты тапсырма болды», -деп атап өтті І.Ахмет. Басты рөлдің бірінде ойнайтын С.Мәдиев түсірілім жұмыстары басталмас бұрын осы жанрда түсірілген голливуд фильмдерін көріп шыққандығын мойындады.

Американдық актриса К.Локен Қазақстанға алғаш келгендігін және осы жылы бұл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайтындығын білетіндігін жеткізді. Сондай-ақ ол американдық актер Марк Дакаскостан Қазақстан жайында көп мағлұмат алғандығын да атап өтті. «Қазақстан жас мемлекет бола тұра киноиндустрияны дамытуға үлкен мән беріп отыр», -дейді АҚШ-тан келген актриса.

Американдық актрисаға қарағанда ресейлік актер Н.Пресняков Қазақстанға үшінші рет келіп отыр. Алғаш Алматыға ол алты жасында ата-анасымен келген. Н.Пресняковтың айтуынша, ол екі жылдай Нью-Йорктің киноакадемиясында білім алған және келешекте режиссер мамандығын алмақ. Ол бірнеше қысқаметражды фильм мен бір музыкалық бейне клип түсіріп үлгерген. Болашақта өз анасы, яғни әнші Кристина Орбакайтенің қатысуымен бейне клип түсірмек екенін де айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар