Елімізде Халықаралық жазғы музыка академиясы атты жоба биыл үшінші мәрте жүзеге асырылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Халықаралық жазғы музыка академиясы атты жоба биыл үшінші мәрте жүзеге асырылып отыр

Елімізде Халықаралық жазғы музыка академиясы атты жоба биыл үшінші мәрте жүзеге асырылып отыр

Елімізде "Болашақ жұлдыздар-2003" бағдарламасы аясында Халықаралық жазғы музыка академиясы биыл үшінші мәрте өз есігін айқара ашты. Бұл жобаның биылғы жүзеге асырылу барысы туралы бүгін, 20-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова әңгімелеп берді.

  • 20 Тамыз 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Ж. Әубәкірованың айтуынша, жазғы музыка академиясының мақсаты — әр елдердегі музыка өнеріне құлшыныс танытатын дарын иелерін анықтап, оларды арнаулы бағдарламалар бойынша қосымша оқыту, қолдау және өнер баспалдақтарымен жоғары көтерілуіне жол ашу болып табылады.

Халық әртісі осы орайда музыканттардың халықаралық , әлемдік сахналардағы бәсекелестік қабілетіне, дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың айрықша жоғарылығына тоқталды. Әлемдік деңгейдегі өнер майталмандарымен дербес сабақтар өткізу — жас музыканттардың дамуы мен өсуі үшін міндетті шарттардың біріне айналды.
Биылғы жазғы музыка академиясы жобасына Өзбекстан, Ресей және Қазақстандық музыкалық колледждер, мектептер мен консерваториялардың тыңдаушылары қатысады. Олар жергілікті жерлердегі тыңдаулар нәтижесінде іріктеледі.
2003-жылғы жазғы музыка академиясында Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессорлары Александр Тростянский (скрипка), Денис Шаповалов (виолончель), Юрий Мартынов(фортепьяно), сондай-ақ, Жәния Әубәкірова, музыка және би өнері жөніндегі Париж жоғары консерваторясының дирижеры Николя Крюгер сынды майталмандар мастар-класстар өткізеді.
Сонымен қатар музыка өнерінің тарихы мен теориясынан жалпы білім беретін дәрістер оқылады.

Соңғы жаңалықтар