Еліміздің әсем табиғаты туралы жазылған материалдарға байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің әсем табиғаты туралы жазылған материалдарға байқау жарияланды

Еліміздің әсем табиғаты туралы жазылған материалдарға байқау жарияланды

Қазақ Географиялық қоғамы және ҚР Журналистер одағы бірлесіп журналистер мен фототілшілер арасында қоршаған орта туралы жазған материалдарға байқау жариялады.

  • 19 Шiлде 2011
  • 918
Фото - Caravan.kz

Аталған байқаудың тақырыбы еліміздің табиғаты, тарихы, қоршаған ортаны сақтауға зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар мен қарапайым адамдар жөніндегі үздік материалдарға арналған.

Байқау «Қазақстан табиғатына арналған ең үздік фотоматериал», «Қазақстан табиғаты мен географиясы жөнінде жазылған ең үздік мақала», «Қазақстан көркемөнері жайындағы ең үздік мақала», «Экология жайындағы ең үздік мақала» және тағы басқа аталымдар бойынша қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

«Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат еліміздің журналистерін осы тақырыпта жазуда ынталандырып, қоршаған ортаға назарларын аударту. Бұған тек кәсіби журналистер ғана емес, еліміздің табиғат сүйетін азаматтары да атсалыса алады»,- дейді Қазақ Географиялық қоғамының мүшесі, профессор Өрденбек Мазбаев.

Сонымен қатар байқауға 2011 жыл бойында басылымда не эфирге шыққан материалдар қабылданады. Материалдар ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданып, 20 қарашада түпкі нәтижелер белгілі болады.

Жеңімпаздар Қазақ Географиялық қоғамы мен ҚР Журналистер одағының мақтау қағаздарымен марапатталып, 100 мың теңге сыйақы алады. Байқаудың жүлде қоры 1 миллион 400 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар