Елорда театры гастрольмен Венгрияға барады
Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени қарым-қатынас аясында М.Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры гастрольдік сапармен Венгрия Республикасына барады. Бұл туралы театрдың әдеби-драмалық бөлімінен хабарлады. |
Елорданың ресми сайтының жазуынша, гастрольдік жоба атақты венгр жазушысы, венгр театрының негізін салушы Иштван Эркеннің 100 жылдық мерейтойы аясында өтеді. Елордалық актерлер осы автордың күлкілі «Тоот, майор және басқалар» немесе «Тотов әулеті» комедияларын венгр көрермендеріне ұсынады.
Спектакль режиссері Қырғызстанның халық әртісі, ҚР «Мәдениет қайраткері» Сергей Матвеев, қоюшы-суретшісі - Қанат Мақсұтов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін