Елордада «Жерұйық» көркемфильмінің тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Жерұйық» көркемфильмінің тұсаукесері өтеді

Елордада «Жерұйық» көркемфильмінің тұсаукесері өтеді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы елордадағы «Қазақстан» орталық киноконцерт залында белгілі режиссер Сламбек Тәуекелдің қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылғандар туралы «Жерұйық» көркемфильмінің тұсаукесерін өткізеді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ассамблеяның баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев сөз сөйлейді. ҚР Президентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жөніндегі шараларға қатысушыларға арналған үндеуі оқылады.

Фильмнің тұсаукесер рәсіміне ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, Астана қаласының тұрғындары қатысады.

«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысының Үштөбе аулында өскен сценарийші Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы естелігі негізінде түсірілген. Драма саяси қуғын-сүргіннің шырқау шегі болған 1937-45 жылдарды қамтиды. «Светлый путь» колхозына жер аударылған кәріс, неміс, түрік, күрд, шешендерді алып келеді, қазақ халқы оларды жатсынбай киімін, тамағы мен баспанасын бөліседі. Сол кезде ауылда кеңес үкіметінің «жауларын» жаппай тұтқындау орын алады. Фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершіліктің негізінде Қазақстан халқы достығының қалыптасқандығын суреттейді.

Соңғы жаңалықтар