Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Баян Мақсатқызы ол туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.
«Біз Еркемен тас қабырғаны көп соқтық. «Баян Мақсатқызы сіз Кәмшат, Жанар, Мөлдірдің бағын жақтыңыз, неге менің бағым жанбады?», — деп Ерке келетін. Мен оған тек күту керек екендігін айттым. Сенің уақытың әлі келеді дедім. Берілме дедім. Өзінен сұрап көрсеңіз болады. Сенің бал дауысың — құдайдың саған берген сыйы дейтінмін. Ол саған жайдан-жай берілмеді. Сенің дауысыңның бағаланбай қалуы мүмкін емес дедім. Тек күт дейтінмін. Ол еңіреп жылап, маған үйге келетін. «Не істейміз Баян Мақсатқызы, біздің қолымыздан келмей жатыр» деп жылап келетін. Бір, екі, тіпті үшінші рет халық оның әнін бағаламады. Осылай жалғаса берді. Сосын қалай болды? Ол зымыран сияқты көкке ұшты», — деп еске алды продюсер.