"Еркін Нұржановтың жағын сындырып алғанмын" Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдіраймов шындықты мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркін Нұржановтың жағын сындырып алғанмын" Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдіраймов шындықты мойындады

"Еркін Нұржановтың жағын сындырып алғанмын" Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдіраймов шындықты мойындады

Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдіраймов өнердегі інісі Еркін Нұржановтың жағын сындырып қойғанын мойындады.

  • 16 Наурыз 2021
  • 518
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерғали Абдраймов:

""Әр отбасыда әркім баласына әр түрлі тәрбие береді. Бір момын бала болса, оны шапалақпен тәрбиелеуге болмайды. Оның өзінің дәрісін тауып, өзге тәсілмен емдеу керек. Сол сияқты "Жігіттер" квартеті де сол кезде жұлдыз ауруына шалдығып, халыққа еркелеп, аспанға ұшып кетпесе де ұшайын деп тұрған кезеңдері болды. Сол керек кезде оны тоқтататын тәсілдердің біреуі болды десем болады. Олар шектен шыққан кезде шапалақ ұрған уақыттарым болды. Алайда, мен оларды әдейі ұрғаным жоқ. Жаман болсын деп ондай қадамға бармадым.

Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұрданов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды. Бір кезде тіпті ағалық ретінде шапалақпен ұрамын деп, жа,ын сындырып алғанмын. Бірақ, мен жағын сындарайын деп жасаған жоқпын. Солай болып қалды. Ағалықпен қол жұмсап қойдым. Соның себебінен де арамыз алшақтау бастаған болуы да мүмкін. Өйткені, сол жайттардан кейін ол ортамыздан алыстай бастады" , — деп ағынан жарылды продюсер.


 

Соңғы жаңалықтар