Жарияланды: 380

Ермек Тұрсынов 2013 жылы «Кенже» деп аталатын фильм түсірмек

«Шал» фильмі менің биылғы жылдағы ең үлкен жетістігім болды, деді режиссер Ермек Тұрсынов бүгін Алматыда «Шал» көркем фильмінің DVD дискісінің таныстырылымында.

«Шал» Қазақстанда көптеген жүлде алып жатыр. Бұл халыққа жасалған кино. Қазір біздің көрермендеріміз отандық фильмдерге келе бастады. Бұл үлкен жетістік деп есептеймін. Сенімді ақтау үшін келешекте тағы осындай кинолар түсіру керек», - деді Е. Тұрсынов. Оның айтуынша, келесі фильмі «Кенже» деп аталмақ. Бұл «Келіннен» басталып, «Шалмен» жалғасқан трилогияның түйіні болмақ. Оны түсіру жұмыстары ақпан айының ортасында басталады деп жоспарланып отыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, «Кенжемен» 2013 жылы осы трилогия аяқталмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін