Жарияланды: 450

Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын жазылған дипломдық жұмысын экранға шығарды (ВИДЕО)

Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын жазылған дипломдық жұмысын экранға шығарды (ВИДЕО)

Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын жазылған дипломдық жұмысын экранға шығарды. Бекмамбетов синема залында «Жат» фильмінің журналистерге арналған көрсетілімі өтті.

Айта кету керек, картина Торонто қаласында өткен кинофестивальде жоғары бағаға ие болды. Мұнда 300-ге жуық картина бағын сынаған болатын.

 Фильмнің продюсері Қанат Төребайдың айтуынша, ертең «Еуразия» кинофестивалінде Ұлттық, Еуропалық және Азиялық премьерасы өтеді.

«Фильм шынайы оқиғаға негізделіп түсірілді. Кеңес заманының құйтырқы саясатынан қашқан Ілияс есімді бала тау-тасты паналап, жабайы ғұмыр кешеді. Бірақ бәрібір оған қоғамға қайтып келуге тура келеді. Фильм барысында қоғам мен тұлғаның, тұлға мен табиғаттың арасындағы қайшылық туралы баяндалады. Қоғамнан қол үзіп қала алмаған қойшы өмірінің соңына дейін ұжымшардың қойын бағып өткен. Шын мәнінде ол 2002 жылы қайтыс болған. Режиссер Ермек Тұрсынов өзінің бала кезінде әлгі  адамды көрген екен. Ал кинода ол 1955 жылы көз жұмады», - деді продюсер. 

Продюсердің айтуынша, фильмді түсіруге аса көп қаржы кетпеген. Негізгі қаржы декорация жасауға жұмсалды.

Айта кету керек, бұл картина Оскар кинофестиваліне «шет тіліндегі» ең үздік фильм аталымында ұсынылды.

Ең беделді кинофестивальге жыл сайын 2 мыңға жуық картина ұсынылады. Желтоқсан айында лонг лист қалыптасып, ең үздік жүздік іріктеледі. Қаңтардың ортасында 9 картинадан тұратын шорт-лист, ақпанда ең үздік 5-тікті анықтайтын супер шорт-лист белгілі болмақ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін