Ермек Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермек Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Ермек Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Үнемі қазақы халықтың сынына қалатын режиссер Ермек Тұрсынов  «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында қос әншінің тыңдармандарын маймыл тектес халыққа теңеп, жұртты тағы бір мәрте шулатты.

  • 6 Маусым 2016
  • 1121
Фото - Caravan.kz

« Қайрат Нұртас пен Заттыбек ән орындаған жерде зал толы  маймыл-бандерлогтар отырады. Олар өз көсемдерін тапқандай. Дисней бұндай жайттар туралы жақсы туынды түсірген. Ақылды адамдар мұндай жайттардан кезінде жақсы мультфильмдер түсіріп тастаған. Мен теледидарды көп көребермеймін. Жаңажылда болса керек, демалыстың кезі арналардың бірінен Қайрат Нұртастың бенефисін көрсетті, артынша Заттыбек жайлы болды. Тағы бір арнадан  басқа осындай әншілер жайлы көрсетіп жатты. Бұл дегеніңіз апатты жағдай»,-дейді режиссер.

Режиссердің пікірінше қазіргі жастардың талғамы төмен.


«Егер бізге Филипп Киркоров келетін болса билетін қанша боларын білмедім, бірақ ол үлкен оқиға болар еді. Адамдар шын өнерді, талантты көріп, ойлары өзгерер ма еді. Ересектер жақсы мен жаманды сүзгілей аламыз, ал жастар ше олар осындай арзан дүниені ол сондай болуы керек деп түсініп жүр. Сондықтан олар қауқарсыз. Не ұсынсаң сонымен қоректене береді. Ең ақымақ балық лақа сияқты, аузына түскенді жұта беретін»,-деді режиссер.

Соңғы жаңалықтар