Жарияланды: 590

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында

Торонтодағы халықаралық кинофестивальде (Toronto International Film Festival) өтетін болады. 

«Жат» фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған болатын. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады, деп жазады baistars.kz.

Фильм продюссері Қанат Төребай байқауда «киномотография өнері мен ғылымдар академиясы» номинация сыйлығына ниетті екенін хабарлаған болатын.

"Торонтода өткелі отырған бұл байқауға қатысу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл байқауға қатысу одан кейінгі Оскар сыйлығын алуға үмітімізді арттырады", - дейді ол.

Айта кетейік, фильмнің сценарий авторы және режиссёрі - Ермек Тұрсынов. Қоюшы-оператор Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші - Александр Ророкин, композитор - Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен.

2013 жылы Қазақстан атынан Оскарға «Шал» фильмі ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін