Жарияланды: 1400

Ертең Нұрғиса Тілендиев туралы «Құстар әні» фильмі көрерменге жол тартады

Ертең Нұрғиса Тілендиев туралы «Құстар әні» фильмі көрерменге жол тартады

Бес сериялы бұл көркем фильм аты аңызға айналған дирижердің 90 жылдығына арналған.

Басты рөлдерде Ергенбай Әбуев, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев сынды актерлер ойнайды.

Фильмнің «Хабар» арнасындағы тұсаукесері 15 желтоқсанда кешкі сағат 21.30-да болады. Жоба Тәуелсіздікке тарту ретінде «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген, деп хабарланған телеарна сайтында. 
«Фильм Нұрағаңның ең қиын шағы - «Отырар сазының» дүниеге келуінен басталады. Мен ол кісіге өз басым ұқсаймын, тіпті дәл осындаймын деп ойламайтынмын. Бірақ мінезіміздің ұқсастығын білетінмін. Сол мінезім арқылы режиссердің таңдағанын түсіндім», - дейді Нұрғиса Тілендиевтің рөлін сомдаушы актер Ергенбай Әбуев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін