Ертең «Шабыт» жүлдегері Б.Әсемқұл оқушылармен шеберлік сағатын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең «Шабыт» жүлдегері Б.Әсемқұл оқушылармен  шеберлік сағатын өткізеді

Ертең «Шабыт» жүлдегері Б.Әсемқұл оқушылармен шеберлік сағатын өткізеді

2011 жылдың 2-маусымында сағ.: 10.30-да Тұңғыш Президент Музейінде «Үкілі үміт» жобасымен ашылған ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері, жас суретшілер одағының мүшесі Б.Әсемқұл «Өнер әлеміне самғау» атты көрмесі аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қ. №1 Өнер мектебінің

  • 1 Маусым 2011
  • 601
Фото - Caravan.kz

5-сынып оқушыларымен шеберлік сағатын өткізеді.

Бейбіт Серікқұлұлы Әсемқұл (06.05.1985) Ә.Қастеев атындағы республикалық көркемсурет колледжін (1999-2004ж.ж.), Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мүсін және кескіндеме факультетінің станоктік кескіндеме мамандығын (2004-2009 ж.ж.) үздік бітірген.

Суретші пейзаж, портрет және тақырыптық сюжеттерге арналған көр фигуралы кескіндеме бейнелейді. Көрмеге қойылған Әсемқұл Бейбіттің Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде жүлдеге ие болған «Арман қала Астана» атты триптих шығармаларында композиция құрылымы, негізгі суреті мен колориттік шешімі, оның шеберлігінің көрсеткішін тамашалай аласыз.

Шебер-сыныбында Әсемқұл Бейбіт оқу барысында және шығармашылықпен айналысу сәтінде жеткен жетістіктері мен үйренген тәжірибесімен оқушылармен бөліседі. Өнер сүйер жас буын және музей келушілері шығарманың туындап, орындалуын тамашалай алады. Майлы бояудың жағыстарын және түстің қолдануын, композицияның шешімін автор жұмыс барысында түсіндере отырып, сырын ашады.

Соңғы жаңалықтар