Жарияланды: 810

«Есік» мұражайына «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының өкілдері қонаққа келеді

2011 жылдың 20 маусымында қазақ халқының, қала берді бүкіл түркі дүниесінің алтын бесігі, ежелгі сақ бабаларымыз мекендеген, әлем тарихына өзіндік қолтаңбасын қалдырған және мәңгілік мекеніне айналған орында құрылған «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының өкілдері қонаққа келеді.

Бұл кездесуде қонақтар «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен танысады. Сонымен қатар, елді мекендерден шалғайда жатқан, бірақ, ұлтымыздың баға жетпес тарихи құндылықтарына ие «Ұлытау» қорық-мұражайы жайлы түрлі ақпараттармен, фотокөрмемен таныстыру шарасы өтеді деп күтілуде, делінген «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы таратқан хабарламада. Осы шара барысында өзара ой-пікір, тәжірибе алмасу, мұражай құрылымдарымен танысу, болашақ іс-қимыл жоспарлары талқыланатын болады. Аталмыш сапар нәтижесінде жергілікті архитектуралық, археологиялық ескерткіштермен танысу, Ұлытау тарихы жөнінде баспасөз өкілдеріне ақпарат парағын тарату күтілуде. Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі, Ұлт ұясы! Ұлытау - Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы. Ұлытау ауданында 700-ден астам тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 13 республикалық ескеркіш бар. Атап айтқанда: Жошыхан, Алашахан, Домбауыл, Басқамыр қалашығы, Әулиетау - Ақмешіт, Едіге шыңы және өзгелер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін