Жарияланды: 440

Еуразия ұлттық университетінде үздік түлектер құрылтайы өтеді

Ертең, 25 маусым күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үздік түлектер құрылтайы өтеді,

деп хабарлайды аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Шара аясында "Үздік куратор-2011" байқауының қорытындысы жарияланып, университетте үздік оқыған түлектер марапатталады. Биыл жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің 600-і қызыл диплом иегері атанады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан 12 студент ректордың арнайы алғыс хатын алады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін