Жарияланды: 530

Фэнтези жанрындағы алғашқы отандық фильм көрерменге жол тартты

Фэнтези жанрындағы  алғашқы отандық фильм көрерменге жол тартты

Бүгін Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы фэнтези жанрындағы тұңғыш фильм - «Аңыздар кітабы.

Жұмбақ орман» картинасының таныстырылымы болды. Сценарий авторы және режиссері - Ахат Ыбыраев, қоюшы операторы - Александр Плотников, қоюшы суретшісі -Асқар Ысқақов. Онда басты рөлдерді Әлішер Қайыров, Қуан Лекеров, Жан Байжанбаев, Әйгүл Мүкей, Гүлнәр Дұсматова сомдайды. «Фильмді түсіру жұмыстары 2 жылға созылды. Онда 480-ге жуық компьютерлік графика пайдаланылды, сондай-ақ біздің сазгеріміз жасаған 120 минуттық түпнұсқа музыканың 90 минуты қолданылды. Әлішер мен Қуан кастингте бірінші болып өткен болатын. Олардан кейін тағы 80-ге тарта баланы қарадық», - дейді А. Ыбыраев. Бұған дейін А.Ыбыраев тек қысқа метражды фильмдер түсіріп, «Қызғылт қоян туралы аңызда» екінші режиссер, ал «Махаббат тәлкегі» фильмінде әкімші болған болатын. Бұл оның толық метражды тұңғыш туындысы және Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы фэнтези жанрындағы алғашқы картинасы. «Қазақфильм» киностудиясы қаржыландырған фильмнің бюджеті 800 мың АҚШ долларын құрайды. Оның прокаты 12 желтоқсанда басталмақ. Ахат Ыбыраевтың сөзіне қарағанда, балалар психологиясы өте қарапайым. Олармен әрдайым тең дәрежеде сөйлесу керек. Оларды ешнәрсе түсінбейді не ақымақ деуге болмайды. Бұл балалар фильмін түсірудегі режиссердің басты техникасы. «Бұл балаларға және бүкіл отбасы мүшесі бірге көруге арналған фильм. Оның сценарийі бойынша кітап жазылған болатын. Оны болашақта кітап түрінде интернетте жарыққа шығармақпыз», - дейді фильм авторы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін