«Гәкку» фильмі Мәскеудегі кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гәкку» фильмі Мәскеудегі кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті

«Гәкку» фильмі Мәскеудегі кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті

Режиссер Ғазиз Насыровтың «Қазақфильм» киностудиясында түсірген «Гәкку» фильмі 23-29 маусым күндері өтетін Мәскеу халықаралық кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды сейсенбі күні «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі.

  • 7 Маусым 2011
  • 325
Фото - Caravan.kz

Хабарланып отырғандай, фильм фестивальдің «Перспективы»конкурстық бағдарламасына номинацияланады. Фестивальдің қазылар алқасын Еуропа киноакадемиясының мүшесі, авторлық киноны дамыту қорының негізін қалаушы және қордың директоры Миролюб Вучковичбасқарады,делінген ақпаратта.

Фильмнің сценариін Дидар Амантайжазған. Ол бойынша, философия факультетінің түлектері, екі дос Темірлан мен Костя 2000 жылдың қарсаңында, ақырзаман тақырыбы қызу талқыланып жатқанда қарап отырмай, өздерін ұмытып кеткен уақытты жеңуге тырысады.

Ғ. Насыров фильмді фестивальде өзі таныстырады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар