Ғылым ордасы мен «Қазақфильм» кино өнері саласында келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғылым ордасы мен «Қазақфильм» кино өнері саласында келісімге қол қойды

Ғылым ордасы мен «Қазақфильм» кино өнері саласында келісімге қол қойды

Алматыда «Ғылым ордасы» РМК директоры Роза Кəрібжанова мен «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков кино өнері саласында келісімге қол қойды.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға келістік. Ғылым ордасы мен бас киностудия өздерінің ғылыми потенциалын бірге пайдаланатын болды. «Қазақфильмнің» біраз көркем туындысы ғылым ордасының «Аманат» киноклубында тегін көрсетілетін болды. Оған ғылыми, шығармашылық аудитория тартылады»,- деді Р.Кəрібжанова.

Ресми бөлімнен соң «Дешті Қыпшақ: жұмбақ белгілер» кинотаспасы көрсетілді. Кинотуынды қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырмасымен түсірілді. Түсірілім жұмыстары Италия, Армения, Украинда өткен.

«Тарихқа бет бұру — өзіміздің кім екендігімізді пайымдау үшін əрі төл мəдениетіміз бен руханиятымызды тану үшін керек. Біз осы екі серияда ұлы қыпшақтардың мұралары туралы баяндауға тырыстық»,- деді Б.Қайырбеков.


Соңғы жаңалықтар