Голландиядағы қазақтар «Multifestijn» фестиваліне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голландиядағы қазақтар «Multifestijn» фестиваліне қатысты

Голландиядағы қазақтар «Multifestijn» фестиваліне қатысты

Голландияның Ден Бош қаласында «Multifestijn» атты мультимәдени фестивалі өтті. Оған Нидерландыда тұратын әр түрлі халықтардың - голландиялықтар, босниялықтар, индонезиялықтар, марокандықтар, түріктер, суринамдықтармен қатар сонда мекен ететін қазақ диаспорасының өкілдері де қатысты, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Маусым 2011
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Мен сіздердің елде көріп отырғандай, әр кез бейбіт және келісіммен өмір сүруге болады деп сенемін. Біз бейбіт өмір сүруіміз керек және осындай фестивальдар сол үшін біз жасай алатын ең тамаша нәрсе», — деді Амстредамның бұрынғы мэрі, ал қазір Нидерландыдағы ең ірі партиялардың бірі болып табылатын «Еңбек партиясының» лидері әрі депутат Йоб Кохэн.

Өз кезегінде Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Майнұра Мурзамадиева Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары қол жеткізген табыстары туралы, елде жүргізіліп отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалары туралы, ұлттар мен этностар арасындағы татулықтың қазақстандық үлгісі туралы, Қазақстанның Орталық Азиядағы, әлемдегі рөлі туралы айтып берді.

Фестиваль аясында қазақстандық елшілік шығарған кітаптар мен журналдардың көрмесі өткізілді. Ерекше назарға іліккендері – голландия тілінде басылып шыққан «Kazakhstan The Misunderestimated Stan» және «Казахстанский путь» кітаптары болды. Сондай-ақ қазіргі заман Қазақстан жайлы, елордасы – Астана, этносаралық, ұлтаралық келісім, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі туралы фотосурет көрмесі болды.

Хабарда айтылғандай, үлкен залдың ортасында арнайы Қазақстаннан әкелінген киіз үй тігілді. Ол голландиялық көрермендерде үлкен қызығушылық тудырды. Жүздеген адамдар кезекке тұрып, киіз үйдің ішкі әбзелдерін көруге асықты. Шара қонақтары қазақтың ұлттық киімдерімен суретке түсуіне, естелікке біздің ел туралы кәдесый алуына мүмкіндігі болды. Қазақтың ұлттық тағамдары да лайықты бағасын алды.

Фестивальдің 4 күн жұмысында көрмені 110 мыңнан астам келушілер көрді.

Соңғы жаңалықтар