Жарияланды: 80

Гүлсім Мырзабекова - Қазағым-ай әнінің сөздері

Гүлсім Мырзабекова - Қазағым-ай әнінің сөздері

Гүлсім Мырзабекованың орындауындағы "Қазағым-ай" әні елдің құлағын елең еткізді.

Әнді нақышына келтіріп орындағаны соншалық сазгер (марқұм) Тұрсынғазы Рахымовтың ұлы Гүлсімге өз алғасын айтты.


Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Т.Рахымов

                      Қазағым-ай.
Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

қайырмасы:

Қазағым ай!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!....

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін