Жарияланды: 770

І халықаралық балалар сурет байқауына қатысушылардың көрмесі ашылады

2012 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі кіші көрме залында «Туған жерім» атты І Халықаралық балалар сурет байқауына қатысушылардың жұмыстары ұсынылған көрменің ашылу рәсімі өтеді.

Бұл туралы музейдің баспасөз қыөзметі хабарлады. ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты жобасы аясындағы бұл көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған. Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі аталмыш көрмені Астана қаласы білім басқармасмен және «Құланшы» заманауи өнер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. «Туған жерім» байқауының басты мақсаты - ұлтжандылық пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, сонымен қатар балалар көркемсурет шығармашылығын насихаттауға және дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Экспозицияға Қазақстанның барлық аймақтарынан «Қазақстанның өткен шағына саяхат», «Қазақстан халқының аңыздары мен ертегілері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Астана - болашақтың қаласы», «Қазақстан 20 жылдан кейін» деген тақырыптық бағыттардағы жұмыстар қойылған. Көрменің ашылу рәсімінде байқау жеңімпаздары салтанатты түрде дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. «Туған жерім» көрмесі 2013 жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін