Жарияланды: 240

“Инстаграм арқылы үй салдым, машина жаңарттым” Жахан Отарғалиевтың жарнамасы қанша тұрады?

“Инстаграм арқылы үй салдым, машина жаңарттым” Жахан Отарғалиевтың жарнамасы қанша тұрады?

Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев инстаграм әлеуметтік желісі арқылы үй салып алғанын, көлік жаңартқанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актер, тамада Жахан Отарғалиев жақында шаңырақ көтерген болатын. Жаңа үйінің ішін толық бітірмеген актер Балжан Бидашты сол үйге алып келген болатын.

Зәулім үйлерін актер инстаграмның арқасында  бітіргенін айтады.

"Бұрын табыс көзіміз той еді, ал қазіргі таңда инстаграм табыс көзіне айналды. 2 миллион оқырманды өз еңбегіммен жинадым. Әрбір сторисімді 300-400 мың адам қарайды, олар үшін күнде бір нәрсе ойлап табу керек, жалықтырмау керек. Оның бәрі еңбек, сол инстаграмның арқасында мен үй салып алдым, көлігімді жаңарттым. Инстаграмда жарнамам сторис 200.000 теңгеден басталады, ал постым 1.000000 тұрады. Қандай жарнамаға байланысты солай келісуге болады. Кейде достарым ренжіп жатады маған, неге бізді салып бермейсің деп. Ол менің жұмысым, сендер менің досымсыңдар ал, ол менің жұмысым деп жауап беремін." - деп ашығын айтып берді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін