Айтуынша денсаулығындағы ақаулармен ол 20 жасынан бастап күрескен, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Блогердің әйелі желіде қыздардың өзі мен жұбайына ашық жазатынын мойындады.
«Мен туып беремін, оны қайтесің, мені ал дейтін қыздар болады», — деді блогер.
«Азамат Сандыбайұлы мені емдеп жатқан дәрігер, білікті уролог-маман. Еркектердің бедеулігімен терең жұмыс жасайтын дәрігер. Бұл нәрсе 20 жасымда басталды, ол кезде бірақ мен айта алмадым, инвалидный коляскамен жүретінмін. Сол кезде маған бала сүйе алмайсың, жассың ғой, ештеңе етпейді, көңіл-күйіңді түсірме деп айтқан.
Сол күннен бастап дәрігерлерді жек көремін, мұны кішкене жұмсақ қылып айтуға болатын еді ғой деп ойлайтынмын», — деді блогер.