"Іш-киімің қанша тұрады?": Бейәдеп сұрақтарымен елдің ызасын келтірген журналист ашық сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Іш-киімің қанша тұрады?": Бейәдеп сұрақтарымен елдің ызасын келтірген журналист ашық сұхбат берді

"Іш-киімің қанша тұрады?": Бейәдеп сұрақтарымен елдің ызасын келтірген журналист ашық сұхбат берді

"Іш-киімің қанша тұрады?" - қазақ эстрада жұлдыздарына үнемі қойылатын бұл сұрақтың иесі журналист Мұхит Сапарбаев елдің ашуына әбден тиген болатын.

  • 8 Қыркүйек 2021
  • 531
Фото - Caravan.kz

"Өзге Қазақстан" YouTube арнасында сұхбат берген тілші өзі жасаған персонаждың кім екендігін, қандай екендігін түсіндіріп берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

— "Неге жұлдыздарға іш-киімің қанша тұрады?" деген құлаққа түрпідей тиетін сұрақ қоясыз?

 Өте актуалды сұрақ. Мен мына нәрсені айтқым келеді. Кадрдағы Мұхитты мен өзім ойдан ойлап тапқанмын, ол- образ, ол-персонаж. Иә, ол кейде дөрекі, кейде ауызына не келеді соны айта салады. Кейде біреу сұрамаған сұрақтарды сұрайды. Бұл жерде мен Digital Business -пен айналысамын. Және де мен өзімнің персонажымды, өзімнің жасап жатқан дүниемді халыққа ұсынып оны сата білуім керек, барынша жұмыс жасауым керек. Мен өзімнің жасап жатқан контентімді қалай көрсетемін, егер біз бәріміз робот сияқты бір сарында журналист болсақ?
Біз жақсы көрсек  оны айтпаймыз, жаман көрсек оны да айтпаймыз. Ашулансақ оны көрсетпейміз. Бәрі бір сарында, іш пыстырарлық! Ал менің образым ондай емес, ерекше деп айтар едім!

"Мысалы мен ол сұрақты қоя келе, әншілеріміздің бүгінгі таңдағы күн-көрісі қандай? Қаншалықты жақсы деңгейде өмір сүріп жүр? Соны білі мақсатында қойылған. Егер ол әнші тойсыз, жұмыссыз отырса 200$-дың іш-киімін кимейді. Егер ол Қайрат Нұртас сияқты бір тойдан 10.000 доллар алып жатса, онда сол 200 доллар тұратын іш-киімді киюге мүмкіндігі бар. Бұл сұрақтардың астында, мен адамдарға ой салғым келді, тексергім келді. Қаншалықты әл-ауқаттары жақсы, жаман" — деп айтты Мұхит Сапарбаев.


 

Соңғы жаңалықтар