Жарияланды: 510

Итальяндық опера әншісі Әлия Бейсенова Өскеменде қайырымдылық концертін қояды

Бүгін Өскемендегі металлургтердің Мәдениет сарайында «Мейірім шапағаты» атты қайырымдылық фестивалі болады.

Концерттен түскен қаржы өскемендік мүгедек балаларға - мүмкіндігі шектеулі балалардың «Алтын дән» балабақшасына медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін беріледі, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан. Бұл шараға Жамбыл атындағы облыстық драма театрының әртістері, жергілікті әншілер мен би ансамлдері атсалысады. Бағдарламаның өзегі Италияның Пезаро қаласындағы опера театрының әншісі Әлия Бейсенованың өнер көрсетуі болмақ. Әлия Өскеменде туған, Алматы консерваториясын тәмамдаған, қазіргі күні Италияда тұрады. Басты сөздер: Мәдениет , Шығыс Қазақстан облысы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін