Жарияланды: 70

JUZIM - Baǵynbaimyn әнінің сөзі

JUZIM - Baǵynbaimyn әнінің сөзі Сурет - QPOPER.KZ

Әнін жазған: Раушан Арқарова

Сөзін жазған: Жұлдыз Кенжебаева

Еу, не керек?
Түн ортасы болмай үйге кел дейді
Құрбыларыма мынау бала екен дейді
Сосын үйден шықпай тұрып миды емдейді
(Кіммен? Қайдасың? Қашан ораласың?)
Айтпаймын!
(Онда бара бер бар!)
Кейін қайта деп достарына бара бер
Сен расында түсінбей тұрсың ба?
Ал мен сен ойлағандай әлде қалай періште емес
Махаббатым мен үшін іштегі беріштей елес

Есі ауысқан адамдай күнде мені іздейсің
Қайта ойлай бергім келмейді бірақ сенімді үзбейсің
Сәтсіз сапарға тек шыққаныңды түсінбейсің
Таң қалма жалғыз қалсаң кейін, аңғарып қатеңді алсаң yeah

Қайырмасы:

Бұлданба маған да, саған бағынбау да ұнайды
Мені кетірме, мені кетірме
Жиі хабарласпа, естісем, жай жауап бермеймін
Мен сені жар етіп көрмеймін, маған еркелеме, еркелеме
Қалай саған түсініксіз?
Әлден тойдым тыйымдарына
Қанағаттандыра алмаймын сенің талабыңды
Ережеге бағынбаймын, бермеймін рұқсат

Қайырмасы:

Бағынбаймын ия, ия ұнайды, ия
Бағынбаймын ия, ия ұнайды бағынбау ия
Не дейді ия, ия ұнайды ия
Бағынбаймын ия, ия ұнайды бағынбау ия

Тағы дауға тым қысқа киім ия
Қай ғасырдан келдің? Бара бер
Бояу қолданбаймын
Бәрібір де саған былай мен ұнайды білем
Жауап бер тез

Қайырмасы: 

Бүгін менің қасымда жоқ сен, жеңіл сезінемін өзімді
Айттым маған жиі хабарласпа, естісем, жай жауап бермеймін
Төзім таусылып барады
Қалай саған түсініксіз?
Әлден тойдым тыйымдарына
Қанағаттандыра алмаймын сенің талабыңды
Ережеге бағынбаймын, бермеймін рұқсат

Қайырмасы:

Әр кезде қайта, алыстай беремін
Жақындама, білесің тым кеш
Мені тоқтатам деп әуре болма
Саған бағынбаймын

Қайырмасы:

Бүгін менің қасымда жоқ сен, жеңіл сезінемін өзімді
Айттым маған жиі хабарласпа, естісем, жай жауап бермеймін
Төзім таусылып барады

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін