Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың бірге түскен видеосына қарап, көпшілік оларды қайта қосылған деп топшылады.
Десе де, кейін олардың ұлдары Асылжанның алғашқы кино туындысына бірге түсетіні белгілі болады. Көпшілік екі өнер иесінің бұл әрекетіне қолдау білдіріп, бәлкім олардың қайта қосылатынын жарыса жазуда.
«Осылай киноға түсеміз деп, қайта отбасы құруларына кім кедергі?», «Неше жылдан кейін бірге көру де бір түрлі екен, екеуі де керемет әртіс», «Жарайсыңдар, ұлдарыңа қолдау көрсетіп жүре беріңдер осылай» деп жазуда олар.