Қалай десек те шындық мынау: сананы тұрмыс билейді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалай десек те шындық мынау: сананы тұрмыс билейді

Қалай десек те шындық мынау: сананы тұрмыс билейді

Кез-келген мереке ең алдымен коммерция мен маркетинг тетігі. Қанат Әуесбайұлы былай жазыпты: "Мысалды алыстан іздемей, өзім екі жыл тұ

  • 27 Наурыз
  • 64
Фото: pixabay.com

Кез-келген мереке ең алдымен коммерция мен маркетинг тетігі.

Қанат Әуесбайұлы былай жазыпты:

«Мысалды алыстан іздемей, өзім екі жыл тұрған Еуропаны айтайын. Дәлірегі Британ жұртын мысалға келтірейінші».

Британияда неге жұрт Иса мәсіх дүниеге келген (Christmas) күнді мереке ретінде тағатсыздана күтеді? Көп себептің ең маңыздысы, крисмас мерекесі қарсаңында дүкен, супермаркет, сауда үйлері өз тауарларына жаппай шегерімдер (discounts) жариялайды.  Жай күндері бос тұратын дүкендер крисмас қарсаңында сатып алушыға лық толады. Крисмас шегерімі, жаппай науқан, акциялар қаптайды. Жыл бойы киім-кешек, тауар алмайтын брит жұрты осы крисмас қарсаңын асыға күтеді де сатып алуға тек осы күндері ғана шығады. 

Бір тараптан бұл маркетингтік ұтымды қадам. Жаңа жыл мен крисмас қарсаңында халық жұмыстан сыйақыларын алады. Қалтаға шамалы қаржы түскен соң халық киім-кешек пен азық-түлік алады. Науқан аясында бағасы түскен тауарды дәл осы мерекеге әкеп тіреу арқылы жұрт ішінде мерекелік көңіл-күй пайда болады. Бала-шаға да дүкендерде жаппай науқан боларын біліп, әрісі санта клаус, берісі ата-анасынан сыйлық күтеді. Осылайша крисмас мерекесі британияда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін зор сұранысқа ие мереке. 

Дәл осы маркетингтік тәсілді Наурыз кезінде көрген жан бар ма? 

Наурызнама науқаны, наурыздық шегерімдер, наурыз жеңілдігі деп басталатын жазуларды кім көрді? Бар шығар, ілуде біреу ғана. Мереке жаппайхалықтық сипат алып, расымен де тағатсыздана күтетін мерекеге айналуы үшін осындай маркетингтік тәсіл жетіспейді. Наурыз кезінде жұртшылық сауда жеңілдігіне қарқ болуы керек.

Наурызды көп күттірген мерекеге айналдырудың тағы бір тәсілі — мерекелік корпоративтер. Бізде жаңа жылдық корпоративтік кештер қызады.  Наурызға келгенде олай айта алмаймыз. Мүлде жоқ дей алмаспыз. 

Ойын жалғай келе жалғастырды:

«Мен наурызға арналған корпоративтік тақырыптық кештерді Атырауда тұрғанда көрдім. Ұжымдағы әріптестер, дос-жаран ұлттық киім киіп, мейрамханаға жиналады. Әлбетте, дастархан жайылады, түрлі достық ойындары (арқан тарту, викториналық сұрақтар т.б.) ойналады. Ән айтылып, би биленеді. Келген қонақтар бір-біріне наурыздық сыйлық береді. Жаңа жылдық кештен айырмасы — алкоголь қойылмайды. Осы корпоративтерді Наурызда өткізуді дәстүрге айналдырсақ нағыз халықтық мереке болуының кепілі дер едім».

Өткенде бір жерден әзілге сүйеген жазбаны оқып қалдым: «Наурызда рахат, ешкім-ешкімге сыйлық жасамайды, сыйлық күтпейді». Мысқылмен жазылса да шындығы сол. Сыйлық алмайтын, сыйлық күтпейтін болғасын расында да мереке өз деңгейінде сезілмеуі де мүмкін. 

Қысқасы, Наурызды расымен де халықтық мерекеге айналдырудың бір жолы — маркетинг пен корпоратив.

Пікір иесі Әуесбайдың Қанаты