Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады

Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Қазақтың 100 әні» атты теңдесі жоқ ірі тележобаны жоғары бағалады. Бұл жайында Премьер-Министр бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында айтты.

  • 15 Шiлде 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан» телеарнасында «Қазақтың 100 әні» атты өте қызықты бағдарлама циклі өтті. Қоғамда бұл жоба үлкен қызығушылық тудырды. Меніңше, бұл өте маңызды жоба»,-деді К. Мәсімов.

«Мен бағдарламадағы барлық 100 әнді тыңдап шықтым»,-деп түйіндеді Премьер-Министр.

Айта кетейік, «Қазақтың 100 әні» жобасының студиясы 110 дауыс беру терминалдарымен жабдықталған. Ол терминалдар арнайы бағдарламаның негізінде жүзеге асатын компьютерлерге қосылған. Соның арқасында жобаға қатысушы әрбір ойыншының жауабы дәл сол сәтте тіркеліп, қорытылады.

Бұл жобаға үздік отандық мамандармен қатар, «Евровидение» ән байқауы сынды басқа да ірі тележобаларды жасап жүрген шетелдік мамандар шақырылды. «Қазақтың 100 әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасында 26 ақпаннан басталды.

Соңғы жаңалықтар