Мәдениет және ақпарат министрлігі әдепсіз, оқа мінез-құлық танытып, сондай-ақ балағат сөздер айтып немесе мас күйінде сахнаға шыққаны үшін әртістерді жауапқа тартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК-ға сілтеме жасап.
Бұйрыққа сәйкес, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі мінез-құлқы, балағат сөздерді қолдануда, алкогольдік ішімдіктерді ішуде, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданғаны үшін жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Аталған бұзушылықтар қайталанған жағдайда бір жыл ішінде жеке тұлғалар үшін айыппұл 200 АЕК және заңды тұлғалар үшін 600 АЕК-ке дейін өседі. Құжат «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.