"Кейде нәпсімді тиюым қиын": Алтынай Жолдыбаева неліктен хиджабын қайта шешіп тастағанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кейде нәпсімді тиюым қиын": Алтынай Жолдыбаева неліктен хиджабын қайта шешіп тастағанын түсіндірді

"Кейде нәпсімді тиюым қиын": Алтынай Жолдыбаева неліктен хиджабын қайта шешіп тастағанын түсіндірді

Әнші, актриса Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желідегі оқырманының "Хиджабты неге шешіп тастадыңыз?" деген сауалға жауап берді.

  • 21 Желтоқсан 2022
  • 984
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, хиджабқа әлі толық келіп үлгермеген. Мекке қаласында жүріп, сол жақтың тәртібіне сәйкес орамал таққан. Фотоларын желіге жүктегеннен кейін көпшілік оны "хиджабқа келді" деп топшылаған, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Терең үңілетін болсақ, жалпы әйел адам жабық киініп, орамал тағып жүргені міндет. Қазіргі іштегі өзгерістерім жабық киімді ұнатып үлгерді. Бұл менің кішігірім жеңісім. Бәрі өзінің уақытымен", — дейді Алтынай Жолдыбаева.

Сондай-ақ, оқырмандар "кейбір видеоларын желіден неліктен өшіргені" туралы сұраған.
"Шынымды айтайын, кейде нәпсімді тиюым қиын. Онымен әрі қарай да жұмыс істей беремін. "Ағзубиллях" менің әлсіз тұстарымды біледі. Мені немен азғыру керектігін біледі. Кейбір дүниелерді жария еткеннен кейін ақымақ әрекеттерім үшін басыма неше түрлі ақталулар келеді. Сонан кейін іштей қарсылық пайда болады", — деген.


 
Соңғы жаңалықтар