Енесін өз анасындай құттықтаған Айдарбекованың кіші келіні, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Айдарбековтар әулетінің кіші келіні енесін ерекше құттықтауды жөн көрген.
«Анашым келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын, әрдайым жанымызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз! Аллам басыңыздағы бағыңыздан айырмасын!
Біз сізді жақсы көреміз», — деп жазды ол.
Көпшілік кіші келіндерінің енесіне осылай құрмет көрсеткеніне риза болған. Олар: «Келе салып тілін тапты ғой мына келіні майысып жүріп, ана екі келінінен асып түседі әлі», «Индира келіні керемет, ата- анасының тәрбиесін алған қыз екені көрініп тур, Гулзира ханым бакытты ене. Айгерім мен Индираңыз өте үлгілі, ата-ене сыйлай білген», «Текті жерден шыққаны көрініп тұр Индираның. Гүлзира апайда осындай сый құрметке лайықты ене. Қадіріне жетіп жатқан жас келінге рахмет. Тек бақытты болыңыздар» деген пікірлерін жаудырып жатыр.