Жарияланды: 350

“Келсем екі мәйіт жатты” - Мансұр Әбілмансұр 5:32 сериалы жайлы…

“Келсем екі мәйіт жатты” - Мансұр Әбілмансұр 5:32 сериалы жайлы…

Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалының түсірілім алаңында болған жайттарымен Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.

Ол мәйітханада өткен түсірілім өзі үшін аса ауыр болшғанын мойындады. Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалсам ба деген ой бес рет келді. Өте ауыр болды. Таңертең бастадық. Бірінші локация - мәйітхана.
Кірсек, мұздатқышта екі мүрде жатыр, ал біз сол жерде фильм түсірдік.

Кешкі сағат 5-те түскі асты алып келді. Жылағым келді. Кетіп қалайын ба деген ой келді. Кешіріңдерші, бірақ мен шыдай алмайды екенмін, кете берейінші деп айтқым келіп тұрды. Кейін өзіме: Жындысың ба? Өзің келісіп алдың. Еркек емессің ба? Өз-өзіңді тексеремін дедің. Не мынау? Дәлелде, - дедім.

Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік,- деді актер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін