Жарияланды: 1200

«Кеш you» әншісі концертке бір күн қалғанда ота жасатқан

«Кеш you» әншісі концертке бір күн  қалғанда ота жасатқан  Сурет - Stan.kz

«Кеш you» тобының солисі Жұлдыз Өмірғали мерейтойлық концерттен бір күн бұрын мұрнына ота жасатқан.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құрылғанына 10 жыл толған «Кеш you» тобы 24 мамырда мерейтойлық концерттерін өткізген еді. Естеріңізде болса, қыздар су астында өнер көрсеткен-ді. Дайындық барысында топ мүшесі суға түсемін деп, мұрнына суық тигізіп алса керек.

Жұлдыздың «гаймориті» асқынып, мамырдың 22-нен 23-не қараған түні ота жасатуына тура келген. Ал концерт соның ертесіне, яғни 24 мамырда өтті.

Топ директоры Назым Басқынбаева Жұлдызға қайсар әрі шыдамды деп баға берді.

Ал желі қолданушылары топ солисіне зор денсаулық тілеп, мықты сарбазға теңеді.

“Бұл ең ауыр процедура”, “Мықтысыз, Жұлдыз. Сізді жақсы көремін”, “Қандай шыдамды”, “Шыдамды, қайтпас сарбаз екенсіз, зор денсаулық тілейміз”, “Ішіндегі ең қарапайым қыз екен”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін