Жарияланды: 1600

“KeшYou” тобы Ақбота Сейтмағанбеттің орнына келген қызды көрсетті

“KeшYou” тобы Ақбота Сейтмағанбеттің орнына келген қызды көрсетті

Тыңдармандары KeшYou-дың жаңа әншісі “Лашындағы” Элизат болуы мүмкін деп болжады.

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Дәл қазір “KeшYou” тобы Қытайдың Сиань аймағында жүр. Бұл жерге қытайлық арналардың бірінің шақыртуымен келген екен. Топтың инстаграм парақшасындағы суреттеріне қарап, жаңа мүшесінің қосылып үлгергенін байқауға болады.

“Сиань” ежелгі Қытай тілінде “ұзақ жол” дегенді білдіреді. Жібек жолының шығыс бұтағының мыңжылдық тарихы дәл осы қаладан басталған болатын. 13 патшалықтың астанасы бізді сұлулығымен және қарапайымдылығымен баурап алды. Әр адам өзі үшін үш жақсы іс жасай алады: дұға ету, оқу және саяхаттау”, – деп жазады қыздар суреттерінің тұсына.

Аталған суретте үш бойжеткен тұр. Олардың бірі – топқа жаңадан келіп қосылған бойжеткен. Желі қолданушылары ол  Лашын тобындағы Элизат болуы мүмкін деп болжады. “Бұл бәрібір де Элизат болады. Ал Назым Лашын тобына баратын сияқты. Маған Сара Лашын тобынан кетіп қалған сыңайлы. Себебі, аталған топтың парақшасын өшіріп тастаған”, “Эля немесе Назым сияқты. Назым болсыншы”, “Назым аталған топ үшін тым кішкентай. Оны тек Лашынға алуы мүмкін. Меніңше, Ақботаның орнын Элизат басатын сияқты. Ал Сара жерде қалмайды. Шешесі мықты ғой”, “Элизат келген екен ғой” деп жазады желі қолданушылары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін