«КешYou» тобының «Қуыршақтар» әніне клипінің премьерасы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«КешYou» тобының «Қуыршақтар» әніне клипінің премьерасы болды

«КешYou» тобының «Қуыршақтар» әніне клипінің премьерасы болды

«Gakku» телеарнасында «КешYou» тобының «Қуыршақтар» әніне көптен күткен клипінің премьерасы болды.

  • 6 Қазан 2015
  • 1232
Фото - Caravan.kz

Топ продюсері Баян Есентаева және әншілердің өздері бірнеше апта бойы желіге тизерлер мен оның түсірілімінің фотосуреттерін салып, табынушыларын клипті күттіріп қойды.

Әннің музыкасын және сөзін жазған белгілі қазақстандық жүргізуші және композитор Арман Дүйсенов.

Б.Есентаева өзінің  Instagram-дағы парақшасында клипті жасауға қатысқандардың бәріне, сондай-ақ фанаттарына да алғыс айтты.

Клипте «КешYou» әншілері «Барби» қуыршағының және белгілі балалар ертегілері кейіпкерлерінің образдарына енді.

«КешYou» тобының жаңа жұмысы әдеттегіден өзгеше. Бұл ұжымдағы рок-н-ролл стиліндегі алғашқы ән екенін атап өткен жөн.


 Соған қарамастан, клип жарқын және көңілді болып шықты. Екі сағаттың ішінде ғана Youtube-тегі бейне 7000 көрілімнен  асып түсті.

Соңғы жаңалықтар