"Кеудеме өксік толды, бақырып жыладық": Қайрат Әділгерей баласына қатысты ең үлкен өкінішін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 499.04
  • 544.45
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кеудеме өксік толды, бақырып жыладық": Қайрат Әділгерей баласына қатысты ең үлкен өкінішін айтты

"Кеудеме өксік толды, бақырып жыладық": Қайрат Әділгерей баласына қатысты ең үлкен өкінішін айтты

Танымал актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты.

  • 17 Наурыз
  • 112
Instagram/Қайрат Әділгерей

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Актер өзінің өміріндегі ең үлкен өкініші не екенін айтты.

«Баламды Америка ұшырып, шығарып салған кезде кеудемде қатты өкініш болды. Кеудеме өксік толды, шешесі мына жақта, мен мына жақта көшеде бақырып жылап жүрміз. Сол кезде қорқыныш болған жоқ, бала ана жаққа барып бүлінеді-ау деген. Ер бала, көшеге шыққаннан кейін өзі қалай жүреді соны көреді.

Жақсы жүрсе жақсы, жаман жүрсе жаман жүреді дегендей. Ол жөнінен өкініш болған жоқ. Баланың маған деген көңілі тоқ болып кетіп бара жатыр ма? Ойлап отырсам, балық аулаған, я болмаса бірге уақыт өткізген уақытты еске түсірейін десем, түсіре алмаймын, әкесі болып тұрып.

Ал, бала қайдан түсіреді? Содан бірден әлеуметтік желіге шығып айтқаным ғой, өкініп қалмаңыздар, қазір балаларыңыз 5-6-да болса. Біз ойлаймыз тәрбиелеу керек дегенде, керемет тәрбие беру керек, отырып алып нақыл сөз айтып керек деп. Жоқ, түк тәрбие бермей жай ғана балаңның қасында ойнашы 5 жасынан бастап. Ар жағында 16-ға келіп, 11 бітіргеннен кейін, сен де оған керек жоқсың ғой.

Сол екі ортада баламен бірге ойна, уақыт бөл, қасында бол. Болды соның өзі тәрбие», — деді актер.