Жарияланды: 410

Халықаралық арт-форум өз жұмысын бастады

Астана қаласында Бейбітшілік пен келісім сарайында "Құланшы"VІІ халықаралық арт-форумы өз жұмысын бастады. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарлады.

Биылғы жылы экспозиция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналып отыр. Іс-шараға Қазақстан, Италия және Әзірбайжанның суретшілері қатысуда. Көрермендер назарына планшетті графика мен ультра-реализм стилінде орындалған картиналар ұсынылған. Италия суретшісі Рон ди Скенза форумға арнайы өзінің Тайм журналының сыртқы бетінде жарияланған Елбасының портретін алып келіпті. Көрмедегі жұмыстарымен қатар танымал суретшілер өзінің қазақстандық әріптестерімен, Өнер университетінің студенттерімен кездесіп, шеберлік-кластар өткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін