Хельсинкиде қазақ киносының күндері өтті
![]() |
14-15 желтоқсан күндері Хельсинки қаласында Тәуелсіздік күніне орайластырылған қазақ киносының күндері өтті. |
Бұл туралы Қазақстанның Финляндия Республикасындағы елшілігінің баспасөз баянында хабарланды.
Шараны «Қазақфильм» АҚ жәрдемдесуімен Қазақстанның Финляндиядағы елшілігі ұйымдастырды.
Оның салтанатты ашылуында Қазақстан елшісі Ғалымжан Қойшыбаев қазақстандық кинематографтың ойдағыдай дамуы тәуелсіз Қазақстанның қарышты дамуының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Екі ел арасындағы саяси байланыстардың нығаюы гуманитарлық байланыстарды да едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.
Финляндия СІМ департаментінің бас директоры Терхи Хаккала бұл шара екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге үлес қосатынына сенімін білдірді.
Қазақ киносы күндерінің ауқымында көрермендерге Қазақстандағы басты кинематографиялық оқиға болған режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», Сәбит Құрманбековтің «Жиде. Күтпеген махаббат» лирикалық баяны ұсынылды. Оған қазақстандық жетекші актерлермен бірге арнайы шақырылған Жерар Депардье қатысқан болатын.
Шара қоғамдық жұртшылықтың, студенттердің, журналистердің, Финдляндияда тұратын қазақ диаспорасының зор қызығушылығын туғызды.
Сеанстар басталар алдында кинотеатр фойесінде қазақ халқының тарихи мұраларымен және дәстүрлерімен таныстыратын және бүгінгі Қазақстаннның тынысын көрсететін ақпараттық материалдар ұсынылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін