Кобзон Астанада Назарбаевтың өлеңіне жазылған "Менің қалам" деген жаңа әнді орындап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кобзон Астанада Назарбаевтың өлеңіне жазылған "Менің қалам" деген жаңа әнді орындап береді

Кобзон Астанада Назарбаевтың өлеңіне жазылған "Менің қалам" деген жаңа әнді орындап береді

РФ халық әртісі Иосиф Кобзон Астанада дүйсенбі күнгі концертте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған "Менің қалам" деген жаңа әнді орындап береді.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 732
Фото - Caravan.kz

«Біз үлкен бағдарламамен келдік. 54 жыл бойы эстрадада орындалған әндерімнен попурри тыңдайсыздар. Жаңа ән де болады. Бұл Астанаға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың жаңа әні «Менің қалам» болмақ, деді И.Кобзон Астанада дүйсенбіде концерт алдындағы баспасөз мәслихатында.

И.Кобзон Астанаға әртістің 75 жылдығына арналған қорытынды тур шеңберінде ұйымдастырылған «Өмір, мен сені сүйемін» деп аталатын концерттік бағдарламасымен келді.
Концерт дүйсенбіде кешке «Қазақстан» орталық кинозалында өтпек.