Жарияланды: 400

Көкшетауда Домбыра академиясы ашылады

Ақмола облысының басшылары Көкшетауда Вокал және домбыра академиясын ашу туралы шешім қабылдады.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылатын бұл жоба «елдегі тұңғыш және бірегей өнер ордасы» атанбақ. Академия еліміздің түпкір-түпкірінен және шетелдерден келген жас орындаушылар, музыканттар мен сазгерлер үшін шығармашылық зертханасына айналады. «Ақмола облысы мәдени мұраға бай өлке. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды ХІХ ғасырдың өнерпаздары осы елде дүниеге келген. Жоғарғы музыка мектебінің мақсаты да дәл ән мектебі дәстүрін жалғастыру және сақтап қалу», - делінген хабарламада. Қазір жұмыс тобы мүшелері академия дизайнын әзірлеу бағытында жұмыс істеп жатыр. Онда концерт, көрме залдары, заманауи дыбыс жазу студиялары, төкпе-ақындардың дәстүрлі жарысы - айтыс өтетін алаң орналаспақ. Сонымен қатар, музыка мектебінің оқушыларына арналған жатақхана бой көтереді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін