Жарияланды: 22600

Конституция күніне арналған құттықтау тілектері. Мерекенің тарихы

Конституция күніне арналған құттықтау тілектері. Мерекенің тарихы

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

2020 жылдың 30 тамыз күні ҚР Конституциясының 25-жылдығы тойланады. Caravan.kz медиа-порталы осы мерекеге байланысты құттықтау тілектер жинағын жариялап отыр. 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!

*****

Қымбатты достар!

Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

*****

Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!

******

Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік.

Біз қазақстандықтарға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілейміз.

******

Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін