Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Үшінші сәбиін дүниеге әкелген ол әлеуметтік желідегі парақшасында жақындары соңғы үлгідегі айфон, бренд сөмке сыйлағынан жариялап, қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ, Дина Төреәлі “қымбат сыйлық сыйлайтын әпкеңе лайықты рақмет айтпайсың” деген оқырманына да жауап берді.
”Біздің қарым-қатынасымызда сыйлықтан құнды сыйластық пен мейірім бар. Біздің тәрбиемізде дүние, ақша емес, бауырмалдық бірінші орында. Ол көп адам сезіне де түсіне де алмайтын үлкен байлық! Сіз инстаграмда көретін сыйлықтар жәй біздің өміріміздің 10%. Контент үшін сыйланып, контент үшін өтірік рақмет деп камераға жылайтын біз емес… Біздің өмірімізде одан да құнды сәттер өте көп сіздерге көрінбейтін.
Сол үшін жаным! Егер менің өмірімнен саған бірдеңе ұнамаса, ең алдымен өзіңе үңіл! Мен өз өмірімді қалай бар солай қабылдап, бақыттың құшағында шалқып жүрген адаммын. Кішкентац кезімнен ата-анам, бауырларымнан қымбат сыйлықтар алып үйренгенмін. Үйдің еркесімін, әлі де еркелеймін. Үйді де, көлікті де, қымбат гауһар тастарды да, қымбат сөмкелерді де алдым. Әлі де алуға қарсы емеспін”, — деп жазды ол.