"Қайрат түбіңе жететін болды": Жұлдыз Әбдікәрімова ауыр дертке шалдықты  - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайрат түбіңе жететін болды": Жұлдыз Әбдікәрімова ауыр дертке шалдықты 

"Қайрат түбіңе жететін болды": Жұлдыз Әбдікәрімова ауыр дертке шалдықты 

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді.

  • 17 Маусым
  • 829
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жұлдыз Әбдікәрімова бәрінен бұрын балаларына қатты уайымдайтынын жеткізді.

«Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым…Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім.

Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ, ұйықтай алмадым. Қос қолдап басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті.

Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді.

Құрбыма хабарластым. Шыдай алар еместігімді естігенде, 10 минутта келді де, ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлер бірден жатыңыз деді. Үйдегі балаларым не болады деген оймен, күндізгі стационарда емделемін деп шештім. Бүгін міне бір апта, үй мен аурухананың ортасындамын. Бас ауырғаны сейілер емес.

Емделіп жүргеніме балаларым үйренісіп, ақпаратты қабылдай алатындай уақыт болды. Енді ауруханаға жатуға болады. Ана — баланың санасында әлем. Әлем шайқалса оларға не болады?Маған деген жылы тілектеріңізді оқып жатырмын. Алғысым шексіз», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаға тездетіп сауығып кетуін тілеген. Сондай-ақ олар денсаулығы сыр берген сәтте жанынан не себепті Қайрат табылмағанына алаңдаған.

«Қайрат қайда? Балаларды неге ата-апасына тапсырмайсыз?», «Жолдасың қайда? Қатты қиналғанда неге жаныңнан табылмайды?!», «Бақытсыз ғой негізі, аурудың бәрі уайымнан», «Қайрат түбіңе жететін болды», — деп пікірлерін жазды олар.