Көшпенділер қазыналарының көрмесі америкалықтарды таң қалдырды
2 маусымда Нью-Йорктегі Ұлттық өнер галереясында Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына орайластырылған ежелгі өнер жәдігерлерінің көрмесі ашылды. |
«Көне қазыналардың іздері: байырғы заманнан бастап қазіргі Қазақстанға дейін» деген тақырыпты арқау еткен көрмені Қазақстан Елшілігі еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Елшіліктің хабарлауынша, көрме американ жұртшылығының үлкен ықыласын аударды. Оның ашылу рәсіміне іскер, академиялық және мәдени топ өкілдері, дипломаттар, жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері қатысты. Алғыссөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова, Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстанның ғасырлар бойы ежелгі өркениеттердің ошағы және шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстырған сауда-жолдарының торабы болғанын атап көрсетті. Бүгінде Қазақстанның халықаралық сахнада үлкен бедел мен құрметке ие болып отырған және Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен біртіндеп дамып келе жатқан мемлекет екенін айтты.
Көрмеде қонақтардың назарына ұсынылған сақтардың «аң стилінде» жасалған алтын бұйымдарының көшірмелері американдықтардың таңдайын қақтырды. Көрме 10 маусымға дейін созылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін