Олардың барлығы балаларын өсіріп, зейнеткерлікке шыққанымен әлі де жігерлі, ән салуды ұнатады, сондықтан сахнаға шығып өнер көрсетуге бел буған.
Қазір әжелер көркемдік жетекшісі Шолпан Исембаеваның жетекшілігімен мерекелік концерттерге дайындалу үстінде.
Әнші әжелер клубтағы дайындыққа аптасына екі рет жиналады. Сахнаға шығатын киім туралы вокалшылар қам жемеді - олар өздеріне ұнасымды ұлттық киімдерін тігіп алды.